Бес келі емес, қаптап аулайды

(1 Vote)

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Оның төрағасы аудан әкімі Қайрат Нұртаев:

– Аудан көлемінде 40 шақырым су жайылатын жерлер бар. Биыл өр суы наурыз айында келді. Сонда көзіміз жеткені жолдың кей жерлеріне құбырларды балық өте алмайтындай  биік етіп салып кеткен. Жол салып жатқан «Астрахань-Маңғышлақ магистралды су ағызғысы» мекемесіне оған әлі асфальт төсемей тұрғанда үш құбырдан салыңдар деп ұйғарым беріңіздер. Шабақ құтқару жұмыстарының алгоритмін жасаңыздар. Былтыр қай жерлерде бөлініп қалатынын білдік, оған соны кірістіріңіздер. Тағы бір айта кетер жайт әуесқой балықшылар 5 келі емес, қаптап аулап жатыр, - деп, браконерлік азаймай отырғанын айтып, Құрманғазы инспекция бөліміне  округ әкімдерімен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.

Аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету, құқық органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Маркс Мұстахишевтің  қосымша хабарламасында біраз мәселелер көтерілді. Кейбірін атап айтсақ, Құрманғазы инспекция бөлімі 11 айда аудандық газетте 1 материал жариялағынын, «Фейзбук», «Инстграмм» әлеуметтік желілерінде чат ашып, түсінік жұмыстарын жүргізбейтінін алға тартты. Сонымен қатар аталған бөлімнің «Телеграмм» әлеуметтік желісіндегі балық сату жөніндегі хабарламаларды тексермейтіні, балық өте алмайтын құбыр салған мердігер мекемеге еш шара қолданылмағаны да назардан тыс қалмады. Айтуынша рұқсат етілмеген балық аулау құралдарын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілмеген.

img_6972

Келесі кезекте аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Найзабек Құбашев әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасап, бұл бағытта атқарылған жұмыстарды баяндап, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Қанат ҒҰМАРОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521