Бес көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

(1 Vote)

Құрманғазы ауылы Абай көшесі бойындағы "Серпер" және "Мерей"  сауда орындарының маңында орналасқан тас жол бойының жиегіне көп жүргізушілер автокөліктерін қойып кетіп басқа автокөліктердің жүруіне кедергі келтіріп, жол кептелісін жасап отыр.

Осыған орай, яғни наурыз айының 30-ы мен 31-і күндері аралығында жол белгілерін сақтамай, тоқтап тұруға тыйым салынған жерге автокөліктерін қалдырып кеткен бес тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 601 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 21 877,50 тенге айыппұл салынды.

Алдағы уақытта автокөліктердің жүруіне кедергі келтіріп, тыйым салынған орынға авткөліктеріңізді қалдырып, кептеліс жасағаныңыз үшін әкімшілік  жауапкершілікке тартылатындығыңызды  ҚАТАҢ  ЕСКЕРТЕМІЗ.


Құрманғазы аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT