Басқаларында бұған дейін электр желілері жалғанып, уақытша орын алған келеңсіздік жойылып, жағдай қалпына келе бастады.
«Атырау-Жарық» АҚ аудандық филиалының берген мәліметіне сүйенсек, бүгін Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Күйген, Шағырлы, Жасарал шағын елді мекендері мен Шортанбай ауылдық округіне қарасты Жасталап ауылында жарық жанады. Қазір бұл ауылдарда құлаған соқаларды ауыстырып, үзілген электр желілерін қайта тарту жұмыстары аяқтала келді. Кеше Ғизат Әліпов ауылында да электр желілері түгелге жуық қалпына келтіріліп, жарық берілді.
Күні бүгін Каспий, Алтыншы ауыл шағын елді мекендері және кейбір участоктердегі жеке шаруа қожалықтары жарықсыз қалып отыр. Наурыздың 4-інен 5-іне қараған түнде болған қатты жел мен қар аралас жаңбырдың келтірген зардабын жою жұмыстары ертең де жалғасын табатын болады.
Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі