Берешегіңді жаппасаң несиені түсіңде көресің

(0 Votes)

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында арзан несие алу жолын көрсетті.

«Біз таяуда қолжетімді несие алуға байланысты сараптама жүргіздік. Ең алдымен ол адамның өзге несие жүктемесі болмауы тиіс. Сондықтан ипотека алу үшін банкке жүгінбес бұрын өзіңнің барлық тұтынушылық несиеңді, өзге банктердегі несиелік карталарыңды жабуға тура келеді. Бүгінде елімізде 6 млн адамның кепілсіз алынған тұтынушылық несиесі бар. Бұл несие смартфонға, тұрмыстық техникаға және басқа да қажеттілікке алынған. Аталған адамдар түрлі несиелік бағдарламаға қатыспас бұрын сол қарыздарын жапқаны жөн. Себебі есептеу тетіктері мынадай: отбасыңыздың орташа табысы есептелініп, ол отбасының әрбір мүшесіне бөлінеді. Біз оның несиені төлей алатындығын қараймыз. Барлық банктердің нормативтеріне сәйкес несие төленгеннен кейін сіздің табысыңыздың 50 пайызы өмір сүруіңізге, балаларыңызды мектепке апаруға, киіндіруге, тамақтандыруға жетуі керек. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тұтынушылардың төлем қабілетін бағалауы барынша қолайлы. Өйткені, банкке жүгінетін азаматтар бірінші рет баспана сатып алуға ниетті және олар қалай болғанда да несиесін жабады. Сонымен қатар елімізде бала туу көрсеткішінің артуына байланысты баспананы несиеге алушылардың да легі ұлғайып отыр. Банк тарапынан салымшыларға төленетін мемлекеттік сыйақы да жыл сайын көбеюде. Ағымдағы жылы 300 мыңнан астам адам мемлекеттік сыйақы алады. Ол 96 мың теңгеден асады. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сыйақы 200 АЕК көлемінде аударылады. 2019 жыл қорытындысымен мемлекеттік сыйақы алғаш рет 101 мың теңгені құрайды», - деді банк басшысы.

Ақпарат көздерінен дайындаған Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521