Бердібек Сапарбаев: 367 мың отбасына жаңа механизм бойынша АӘК берілді

(0 Votes)

ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңа механизм бойынша атаулы әлеуметтік көмек 367 мың отбасына беріліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік саладағы жұмыстардың басты мақсаты – қазақстандықтардың жағдайын жақсарту. Өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап бюджеттік мекемеде еңбек ететін мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, өнер және спорт саласында қызмет ететін қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 25-30 пайызға көбейеді. Оған қосымша барлық әлеуметтік төлем 5 пайыздан 30 пайызға дейін артады. Қорыта айтқан кезде осы шарамен 7 миллионнан астам қазақстандық қамтылады. Осы шараларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 3,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жалпы, биылғы мемлекетіміздің бюджетінің 50 пайызы әлеуметтік салаға арналған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға өскен. Яғни, оның қазіргі көлемі – 8,5 триллион теңге», - деді Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бердібек Сапарбаевтың өз сөзінде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа механизмі іске қосылғанын еске салды.

«Қазіргі таңда біз 367 мың отбасына 17 млрд теңге төледік. Оған қосымша жергілікті билік тарапынан да көмектер көрсетіледі. Былтырдың өзінде 2 миллионға жуық жерлесімізге әртүрлі деңгейде көмек көрсетілді. Сондай-ақ, былтыр көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 8400 пәтер берілді. Оның ішінде 1100 пәтер кәсіпкерлердің көмегі», - деді ол.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521