Белсенділіктері жоғары

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжіндегі № 174 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қатары қалың.

Мұнда короновирустық инфекциясы таралуының алдын алудың  бар жағдайлары жасалған. Алдымен медицина қызметкері келушілердің дене қызуын өлшеп, әлеуметттік қашықтықты сақтап тұруды ескертеді. Тұрғындарда да бұған асқан түсіністікпен қарап, өздерінің конституциялық борыштарын өтеу үстінде. Кезекпен келіп өз таңдауларын жасап жатырғанының куәсі болдық. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Болатбек Өтегенов дауыс берудің қалыпты жағдайда өтіп жатқандығын, сайлау процесін өткізу барысында ешқандай заң бұзушылық орын алмағанын жеткізді. Күндізігі сағат 12-ге таялғанда сайлаушылардың жартысынан астамы дауыстарын қалаған саяси партияларға беріп үлгерді.

Айбек Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521