«AMANAT» партиясы аудандық филиалында жыл қорытындысымен партия белсенділерін марапаттау шарасы өтті.
Құрманғазы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев:
– Бүгін сіздерді алға қарай жұмысымызды қалай бірігіп жасаймыз, сол жөнінде талқылап, жұмыс жоспарын, сайлауалды бағдарламамызды жүзеге асыруды түсіндіру мақсатында шақырдым. Үлкен жиналысымызды бастамас бұрын арамызда өздерінің жұмыстарынан басқа біздің партияның қызметтерін белсенді атқарғандар барын айта кетейін. Соларға партиямыздың жоғары марапаттары келіп жатыр. Бұл үлкен бедел. Халықтың алдында өздерінің біліктілігі мен білімін көрсеткен, біз және аудан құрмет тұтатын азаматтарымыз бен қыздарымыз отыр. Оларды біз мақтан етеміз. Себебі, партиялас әріптестеріміз осындай дәрежеге жетіп жатырғанына ризамыз. Кеше облыста болған жиналыста аттарын атап, түстерін түстегенде мәз болып қалдық. 29 желтоқсан күні өтетін жиынға кейбір адамдар бара алмайтындықтан мен кеше сол күні табыс етілетін марапаттарды алып келдім, – деп «AMANAT» партиясының «Белсенді қызмет үшін» медалімен «Құрманғазы» ӨК төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сабыржан Сұлтанов пен «Каспий Балық» ӨК басқарма төрағасы, партия белсендісі Жұмажан Шакуповты ұлығылады.
Аталған партиясының Құрмет Грамотасымен «Сұңқар» ЖШС директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Хұсайнов, Ақкөл, Шортанбай ауылдық округтері аппаратының бас мамандары Руфина Кайрушева, Гүлнар Кумарованы марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында облыстық, аудандық штабтар құрамында атқарған еңбектері үшін Мемлекет басшысы Қ. Тоқаветың Алғыс хатын Атырау облыстық мәслихатының депутаты Зәмзәгүл Карсакова, «Атырау Жарық» АҚ Құрманғазы аудандық филиалының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Игорь Абуғалиев, партия төрағасы Е.Қошановтың Алғыс хатын медицина қызметінің ардагері, партия белсендісі Сағидолла Куловқа табыс етті.
Қанат ҒҰМАРОВ