Белсенді оттегі

(0 Votes)

Күнделікті тұрмыста біз түрлі фирмалардың шығарған залалсыздандырушы құралдарын пайдаланамыз.

Олардағы негізгі залалсыздандырушы агент – хлор. Сонымен қатар, оттегі де болады. Оның қызметі:

 залалсыздандыру;

 жағымсыз иістерді жою

МемСт сәйкес аталмыш заттар құрамында оттегі мөлшері 3,5 – 14 % аралығында болуы керек. Ал, өндірушілер белсенді оттегі мөлшерін толыққанды сақтайтындығын әл – Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті (https://www.kaznu.kz/) студенттері зерттеген еді. Зерттеу жұмысы үшін тазартқыш ұнтақтың күкірт қышқылымен ерітіндісі дайындалды. Дайындалған ерітінді 0,1 М калий перманганаты (халық арасында «марганцовка» деген атпен белгілі) ерітіндісімен титрленді. Титрлеу барысында ерітінді қызғылт түске боялды, яғни тазартқыш құрамында оттегі бар. Жүргізілген есептеу нәтижелері залалсыздандырғыш агенттегі оның мөлшері 5,25 % құрайтындығын көрсетті. Бұл дегеніміз, белсенді оттегі мөлшері МемСт талаптарына сәйкес.

Тұрмыста түрлі химиялық ұнтақтар қолданған кезде, әрдайым қарапайым сақтық шараларын ұмытпаңыздар!!!

Бәкірова Ботагөз Санатқызы,

PhD, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, химия және химиялық технология факультеті,

физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы аға оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521