«Бекзат» дүкені ашылды

(0 Votes)

Байда ауылдық округінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Соның екінші бағыты бойынша ауыл тұрғыны Өтеген Қабдешов «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде қысқа мерзімде оқып, өз алдына кәсіпкерлік жұмысын бастап, Котяев ауылына «Бекзат» атты азық – түлік дүкенін ашып отыр.

bekzat

Салтанатты шараға ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Якуб Өтепбергенұлы мен округ әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Ғалиханов қатысып, дүкеннің алдына керілген лентасын қиып, жас кәсіпкерге жұмысына сәттілік тіледі. Жас кәсіпкер Өтеген Саясатұлы қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алға қарай да ауылдастарының игілігіне қызмет ететінін айтып, 2 адамды жұмыспен қамтығанынан хабардар етті.

bekzat1

Лента қиылғаннан кейін көпшілік дүкен ішіне еніп, алғашқы саудаларын жасады.

bekzat3

А.Мұфтахов, Байда ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521