«БЕКІРЕ-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді

(0 Votes)

1 сәуірден 31 мамырға дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді.

Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу орындарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында балықтардың заңсыз аулануы мен айналымына қарсы іс-қимыл бойынша күш біріктіреді.

Балық қорғау іс-шараларының тиімділігін арттыру үшін Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрлері мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының «Бекіре-2023» балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Аталған бұйрық аясында балық қорғау акциясын өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ акция кезінде бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Үйлестіру штабына басшылық жасау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне жүктеледі.

Акция аясында заңсыз балық аулануы ықтимал жерлерде жылжымалы посттар мен жылжымалы рейдтік топтар ұйымдастырылды. Негізгі күштер браконьерлік жиі тіркелетін жерлерде - Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық және Қиғаш өзендерінің сағалық кеңістігінде шоғырланған.

Сонымен қатар, акция барысында әуежайларда, вокзалдар мен ірі магистральдарда балық және балық өнімдерін республикадан тыс жерлерге шығаруға бақылау күшейтіледі.

Республика аумағында балықты заңсыз сату деректері анықталып, заңсыздықтың жолын кесу жұмысы жүргізіледі. 2023 жылдың 1 сәуірі мен 13 сәуірі аралығында 244 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде Атырау облысында – 167, Маңғыстау облысында – 16, БҚО – 61. 151 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 22-сі сот арқылы, оларға 3,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

8 материал бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының негізінде - 6 материал, ҚР ҚК-нің 339-бабымен - 2 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылдың 9 сәуірінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Дамбы балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Атырау қаласында бірлескен рейд барысында Жайық өзенінің жағасында Пешной ауданында жалпы салмағы 35,9 кг 15 дана бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігінің негізінде ТЖД тіркеліп, құқық қорғау органдарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, балық ресурстарына алдын ала келтірілген залал - 18578250 теңге. Батыс Қазақстан облысының полицейлері тағы 5 қылмыстық іс қозғады.

Акция барысында 922 келі балық заңсыз айналымнан алынды, оның ішінде 85,25 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 178 бірлік аулау құралдары, 17 бірлік жүзу құралдары және 3 бірлік көлік құралдары. Акцияны насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 35 мақала жарияланып, теледидарда 12 хабарға қатысты. Атырау облысында балық қорын өсіру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 42 өндіруші ауланды, оның ішінде 4 бекіре, 37 шоқыр, оның ішінде 2 аналық және бір қарыш.

Осы уақытта Жайық-Каспий бассейнінің су айдынында «Таза су айдындары» республикалық табиғат қорғау акциясы өтуде. Акция басталғалы бері жағалаулардан 35 тоннадан астам тұрмыстық қоқыс жиналып, кәдеге жаратылды, сондай-ақ су қоймаларынан 177 бірлік балық аулайтын ау алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT