Бекеттегі жарылыстан құрманғазылық жүргізуші қаза тапты

(0 Votes)

Атырауда 5 маусымда жанармай құю бекетіндегі жарылыстан автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды. Оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Басылымның мәліметінше, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Құрманғазы ауданының 34 жастағы тұрғыны қайтыс болды, артында төрт баласы қалды, әйелі бесіншісіне жүкті. Отбасы пәтер жалдап тұрған екен.

Еске салайық, 5 маусымда Атыраудағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланған еді. Атабаев көшесінде орналасқан "ПромГаз" ЖШС аумағында "Форд" маркалы автоцистерна жарылған болатын.

Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521