Бейбіт күнгi ерлік

Фото: Құрманғазы аудандық әкімдігінен
(0 Votes)

25 желтоқсан күні кешкi мезгілде мұз үстінен "Құтқарыңдар" деген айқайды естiген Құрманғазы ауылының тұрғыны, 1996 туылған азамат Әди Бектеміров үйден шыға сала көмекке ұмтылды.

Көзсіз ерлiкке барып, басын қатерге тiккен жiгiтте жалғыз ғана ой болды. Ол - адам өмірін сақтап қалу. Жеңіл киінген ол судан мойыны ғана көрiнген адамға дереу жетті. Алайда, мұзға ойылып кеткен етжеңдi азаматша сумен одан сайын ауырлап жағаға шығаруға мүмкіндік бермейді. Соған карамастан жас жігіт мұздай су iшiнде адам өмірі үшін күресуден танбады. Бiрнеше мәрте батып та шықты.

Сол жерде бiр азаматша көрiп, полиция бөлiмiне хабарламағанда бұл арпалыс қалай аяқталары белгiciз еді.

Кешкi сағат 19:20 шамасында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз азаматша, аудан орталығымен өтетiн Шарон өзенінде мұзға ойылған әйел адам суға батып бара жатырғандығы, оны құтқарамын деп Құрманғазы ауылының тұрғыны суға түсіп шығара алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған. Хабарлама бойынша аудан орталығында кешкі кезекшілікте жүрген АПБ ЖПҚБ ППБ-нің қызмет инспекторлары 1 экипаж полиция аға лейтенанттары Зұлқаров Нұрхат, Темірболат Әділбек, 2 экипаж полиция лейтенанты Ибатуллаев Жандос, полиция кіші лейтенанты Айдыналиев Амандық және УПИ полиция майоры Аманғалиев Дархан, тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Насихан Роман оқиға орнына дереу барып, бiрден құтқару шараларына кiрicтi. Мұзға ойылып кеткен 1959 жылы туылған К. С есімді азаматша екенi анықталды. Дер кезінде жеткен полиция қызметкерлері мұз үстіне жатып жылжып, өздері де ойылып, суығы бойынан өткен салқын суға малшына жүрiп, екеуiн де аман-есен алып шығып, "Жедел жәрдемге" жеткiздi.

Қазіргі уақытта Әди Бектеміров пен К.С. есімді азаматшаның денсаулығы бірқалыпты. Дәрігердің бақылауында. "Менiң орнымда кiм болса да солай етер еді", дейді Әди Бектеміров бұл iciн ерлікке санамай. Мұзға ойылып, бастарын қатерге тiккен полиция қызметкерлері де сондай пiкiрде. Алайда, бұл бейбіт күнгi ерлік екенi анық. Осындай азаматтар ауданымыздың ғана емес, елiмiздiң мақтанышы болып қала береді. 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT