Бейбіт күннің батырлары ұлықталды

(0 Votes)

23-маусым - Қазақстан полициясы күніне орай аудандық полиция бөлімі жеке құрамы мен сала Ардагерлерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Марат Мурзиев қатысып, жеке құрамды өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға шақырып, жетістікке жеткен қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

204127999_336869541336225_454450718719111133_n

Сонымен қатар, бөлім бастығы, полиция полковнигі Тұрғали Жұмашев, ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың және Атырау ОПД бастығы полиция полковнигі Қ.Үмбетқалиевтың атынан жеке құрам қызметкерлеріне келген марпаттарын табыстады. Ішкі істер органдарында көп жылдар қызмет атқарып, еңбек өтілінің толуына орай жаңадан зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге бағалы сыйлықтар мен құттықтау хаттары берілді.

205200799_336869624669550_4762698849769574916_n

Аудандық "Серпер" газетінің бас редакторы А.Шакупова құттықтау лебізін жеткізіп, гүл шоғын сыйлады.

202623202_336869588002887_6588703732390504760_n

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенгелді Мерханов өз сөзінде бұл мереке Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен ержүректілігіне, құқықтық тәртіп сақшыларының бірнеше буынымен іргесі қаланып келген Отан мен халыққа қызмет етудің озық дәстүрлеріне құрмет болып саналатындығын айтып өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521