2023 жылдың 5 мамыры күні Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің директоры болып Капуова Сандуғаш Ғариполақызы тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға аудандық білім бөлімінің басшысы Кубаева Гүлфара Өтемісқызы таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Капуова Сандуғаш Ғариполақызы 1976жылы 30 маусымда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылдық округінде дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғаш еңбек жолын 1997 жылы Қиғаш мектебінен мұғалім болып бастады. Кейіннен директордың орынбасары, 2000-2003 жылдары Уалиханов, 2003-2009 жылдары Мұқанов мектептерінің директоры, 2009-2010 жылдары Айгөлек бала бақшасының меңгерушісі, 2010-2014 жылдары Атырау қаласындағы техникалық гимназияда директор орынбасары, №14 А.П.Чехов атындағы мектебінің директоры қызметтерінде болған.
2014 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін Қиғаш жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келді.
Жаңа басшыға жұмысына шығармашылық табыс тілейміз!