Бегәлиев мектебінде аудандық жарыс өтті

(0 Votes)

24 сәуір күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі базасында Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және аудандық «Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастарымызды есірткіден қорғайық» тақырыбында баскетбол 3х3 спорт түрінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті.

Аталған жарысқа аудан мектептері белсене араласты.

Жарыстың қорытындысына келетін болсақ ұлдар арасында жүлделі ІІІ орынды Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары;

ІІ орынды Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары;

І орынды Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары иеленсе, ал қыздар арасында ІІІ орынды Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары;

ІІ орынды Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары.

І орынды Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары ие болды.

Аудандық жарысқа қатысқан оқушылар Облыстық полиция департаменті атынан диплом және медальдармен марапатталды.

Қатысқан оқушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT