Базардағы бағаны кім реттейді?

(0 Votes)

- Әрине, бағаның күннен-күнге шарықтап бара жатқаны белгілі.

Ал, картоптың қазіргі уақытта дәл бұлай қымбаттауын түсінбей отырмын. Азық-түлік алуға Құрманғазы ауылдық округіне қарасты Бұзаусылан ауылындағы дүкендерге, аудан орталығындағы сауда орындарына барамын. Бағада күнде өзгеріс болады, алайда арзандап жатқан ештеңе жоқ, керісінше бәрі қымбаттауда. Мәселен, картоп 280-300 теңге шамасында сатылуда. Бағаны бақылайтын аудандағы мониторингтік топ бұған қандай уәж айтар екен? 

Асылбек Мәжитов, зейнеткер, Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны

Жауап:

Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі әр апта сайын негізгі әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрлеріне мониторинг жүргізіп отырады.

Сіздің қойып отырған сұрағыңыз бойынша Құрманғазы ауылдық округіне қарасты Бұзаусылан ауылындағы дүкен иелері картопты базардан сатып алып, үстіне 20-30 теңге қосып сауда жасауда.

Құрылысшылар ауылындағы Қиғаш, Нұрболат дүкендерінде картоптың келісі 230 теңге, ал аудан орталығындағы «Серпер» базарында аталмыш өнім 230-250 теңге шамасында сатылуда.

С.Қабдолов, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT