Базар алдындағы көлік кептелісі қашан жойылады?

(0 Votes)

Құрманғазы ауылы жылдан-жылға көркейіп келеді. Жергілікті атқарушы билікпен біраз жұмыстар тындырылып жатқанына куәміз. Күні кеше ғана жолдар жөнделіп, көше жолақтары сызылды. Бірақ, әлі де шешімін күткен мәселелер баршылық. Алға қарай олар да қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді. Соның бірі «Серпер» базарының алдындағы көлік кептелісі.

Бұл базар мен «Мерей» сауда үйінің арасындағы жол онсыз да тар. Бір шетіне сауда жасай келгендер көліктерін қояды. Оларды да түсінуге болады. Сол себепті екі бағыттағы қозғалысқа тарлық етуде. Қашан да азан-қазан көлік дабылын безілдеткен жүргізушілер құлағыңның құрышын қандырады. Әсіресе, бесін мен күн екіндіге ауған мезгілде кептеліс жиілейді. Мұны полиция қойып шешу мүмкін емес.

zhol-keptels1

Бұған дейін осы жолды бір бағытта жүретін ету жөнінде мәселе қозғалғанынан хабардармыз. Солай етсе ғана базарға келген көлік ішке кіріп, шығыс жағындағы қақпадан шығып кетеді. Бұл бір жағынан жолға салмақ түсірмей, апатты жағдай туындауының алдын алады. Әйтпесе, тар жерде қарама-қарсы қозғалған көліктер соқтығысып немесе адам қағып кетсе орны толмас өкінішке ұрындыратыны анық. Бүгінде тәжірибесі жоқ жастар да рөлге отырады. Базардың алдындағы көшені бір бағытта қозғалатын етіп, шығыс жағындағы бөгет үстімен Самаркинге кетер жол төселсе бұл жүргізушілер үшін тиімді. Осыны билік басындағы азаматтар ескерсе дейміз.

Нұрлан Әбенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521