Мемлекеттіктің басты нышандарының бірі – оның нақты шекарасының болуы екендігі бұлжымас қағида.
Батыс аймағы әскери прокуратурасының қадағалау жұмысының басты бағыттарының бірі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық мекемесі болып табылатын Шекара қызметі 2016 және 2201 әскери бөлімдерінің қызметін үйлестіру.
Аталған әскери бөлімдер Атырау облысының құрлығында, теңізде, шекаралық өзендерде еліміздің аумақтық тұтастығын, шекаралық кеңістіктегі заңдылық пен белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын кірпік қақпай қамтамасыз ете отырып, Мемлекеттік шекараны сенімді түрде күзетуде.
Біздің бастамамыз бойынша 2016 әскери бөлімі заставаларының шекара нарядтары бейнетіркегішітермен қамтамасыз етілді.
Атырауда мұнай-газ салаларындағы жалақының жоғары болуы, экологияның нашарлығы әскери қызметке деген қызығушылықты төмендетеді. Осыған орай аймақтағы әскерде бос орындар көп. Оған қарамастан, әскери басшылықтармен бірге жауынгерлік әзірліктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, Мемлекеттік шекараны қорғауда олқылықтарға жол бермей келеміз. Қадағалаудың басым бағыты - шекара күзеті мәселесі. Қиындықтар Каспийдің жағалауы мен сулы учаскелерінде шекара режимдерін қамтамасыз ету кезінде туындайды. Жергілікті тұрғындардың ішіндегі браконерьлер, негізгі құқық бұзушылар болып табылады. Атқарылған алдын алу шараларының нәтижесінде олармен оқыс оқиғалар және әскери қызметшілермен қаруды қолдану деректері тіркелмеді.
Әскери прокуратурамен Исатай және Құрманғазы аудандарының шекара аумағындағы жергілікті ауыл тұрғындары, әкімдіктер және ішкі істер органдарымен бірлесіп Мемлекеттік шекара мәселелері бойынша алдын алу мақсатындағы кездесулер ұйымдастырылады.
Әкімдіктерде болатын шекара мәселелері бойынша Үйлестіру кеңестеріне әскери прокуратура әрдайым қатысады.
Облыс әкімімен өзара бірлесіп қызмет атқаруды жетілдірудеміз. Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен шекара күзеті сапасын және қызмет жағдайларын жақсартудағы біздің бірнеше ұсыныстар қолдау тапты. Мысалы, 2018-2019 жылдары облыс әкімдігі жергілікті бюджет есебінен 5 шекара заставасын, 4 жеңілдетілген өткізу пункттерін салып берді. Онымен қоса, жекелеген заставаларды газдандыру мен электр қуатын жүргізу жұмыстары іске асырылуда.
Атырау облысының уәкілетті органдарының «Көктем және Күз» мезгілдеріне арналған заңсыз балық аулаудың алдын алу бойынша кеңауқымды акциясына әскери прокуратураның үйлестіруімен 2016 және 2201 «г» әскери бөлімдері белсенді атсалысып, оны нәтижелі аяқтауда. Осы жұмыс барысында әскерилердің арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеді.
А. Нұрғазыұлы,
Батыс аймағы әскери прокуратурасының аға прокуроры,
әділет майоры