Батыр Хиуазға тағзым етілді

(0 Votes)

Аудандық Ішкі саясат бөлімі және Аналар Кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Хиуаз ауылындағы Хиуаз саябағында орналасқан Халық Қаhарманы Доспанова Хиуаз Қайырқызы монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Шараға гүл шоқтар легін Аудандық Маслихат төрағасы Гүлжанат Ғаділханқызы және Аудандық Ішкі Саясат бөлімінің басшысы Ажигереев Мерей Есенгелдіұлы және  депутаттар корпусы бастады. Хиуаз ананың туыстары атынан Сайыпұлы Болатбек, Сайыпқызы Сәуле, Доспанова Тілекші т.б ұрпақтары.

Аудандық Ішкі Істер полиция бөлімі, Аудандық Қаржы бөлімі, Аудандық Аурухана бөлімі, Аудандық Білім беру бөлімі, Аудандық мектеп ұстаздары, Аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Балғаным Хасенқызы бастаған Аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, Жаңаталап ауылдық округі әкімшілігі, мәдениет үйі мен Аналар кеңесі легі гүл шоқтарын қойды.

Шарада Ішкі Саясат бөлімінің басшысы М.Есенгелдіұлы, туыстары атынан Б.Сайыпұлы, С.Сайыпқызы және Б.Хасенқызына сөз беріліп, Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздарының монолог, әндері орындалды.

Нұрсұлтан Мықтыбайдың сөзіне жазылған С.Жанпейісованың әні “Қанатты қыз Хиуаз” әнімен шара қорытындыланды.


Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT