Батыр ескерткішіне тағзым етілді

(0 Votes)

Бүгін – 9 мамыр, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы! Бұл – аталарымыздың ерлігі мен елдігін мәңгі есте сақтайтын қасиетті күн.

 Отанымызды қалтықсыз қорғауға әрқашан дайын тұратын, еліміздің тірегі абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Мерекелік шара аудан орталығындағы Ломоносов атындағы орта мектептегі Кеңес одағының батыры Александр Афанасьевтіің ескерткіші алдында батыр рухына тағзым етумен басталды.

Қолдарына гүлдерін ұстаған білім ошағының оқушылары әскери киімде мектеп алдында сап түзеді. Өнерлі оқушылар Жеңіс, бейбіт өмір туралы суреттерін салып, көпшілікке ұсынды.

Ескерткіш алдына аудан әкімдігі, аудан ардагерлері, жастар гүл шоқтарын қойды.

Шарада аудан әкімі Абат Жанғалиев мерекелік құттықтау сөз сөйлесе, батырдың туыстары атынан немере қарындасы Римма Афанасьева сөйлеп, ризашылығын білдірді. Ары қарай мектеп ұжымының концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT