Батыр апамыздың есімі дұрыс жазылсын!

(0 Votes)

Соңғы уақытта баспасөз бетіндегі түрлі мақала, естеліктерде Халық қаһарманы, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың есімін өзгертіп жазу үрдісі байқалуда.

Батырдың қалыптасып қалған, өзімізге үйреншікті болған Хиуаз есімін «Хыйуаз» деп жазу керек деген ұсыныстар айтылуда. Оны біздің жерлесіміз, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов те құптап, Атырау облысының әкіміне, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға ұсыныс хат жолдаған екен.

Батыр есімін бұлайша өзгерту қандай негізге сүйеніп айтылғанын талдап қарасақ, Х.Доспанованың жеке басы құжаттарында есімі осылай «Хыйуаз»деп жазылғанын басшылыққа алу қажеттілігі айтылады. Кезінде құжаттарды орыс тілінде жазу, толтыру барасында тілдік ережелер заңдылығы ескерілмегендігі байқалады. Қазақ тіліндегі фонетикалық дыбыстардың жазу заңдылығында «ы» және «й» дыбыстары қатар келгенде ұзақ «и» дыбысы болып жазылуы орфографиялық ережелерге сәйкес келеді. Сондықтан, дұрысында «Хиуаз» болып жазылуы да қате емес еді.

Алайда, батыр апамыздың жеке құжаттарында жазылған есімін сол қалпында жазу керек деген ұсынысты да теріс дей алмаймыз. Осыған орай, ескеретін бір мәселе, Халық қаһарманы Х.Доспанованың есімі бірқатар мекемелерге, мектеп, көшелерге берілді, ол туралы көптеген кітаптар, бейнефильмдер жазылып түсірілді. Осылардың бәрінде есімі Хиуаз болып жазылды, енді бұлардың бәрін қалай өзгертуге болады?

Біздің ойымызша, халқымыздың батыр қызының бұған дейін қалыптасып жазылған Хиуаз есімі сол күйінде сақталып қала берсе де дұрыс болар еді. Өйткені, тіл заңдылығы бұзылуы фактісі орын алып отырған жоқ қой.

Н.Нұғманов,

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521