Басты назар - тазалық пен тәртіпке

(0 Votes)

Ардагер журналист Таңатар Дәрелұлы мінберге шығып баяндамаға орай пікірін білдірді. – Естіп, біліп отырғанымыздай барлық салада ілгерілеушілік барын байқауға болады.

Мұның өзі бұрынғы әкім Мұрабек Мұғалімнің, қосшысы Мерей Есенгелдіұлының тыңғылықты жұмыс жасағандарынан хабар бергендей. Округтің мамандары көпшілікпен бітетін істерді ұйымдастыруда газет қызметін, әсіресе әлеуметтік желілерді жақсы пайдаланады. Баспасөзге жаздыруда да белсенділік танытып, болжамнан шықты. Округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген бағамды бере отырып, бірер ұсыныс-пікірімді қоса айтқым келеді. Көктем мен күзде науқаншылық сипат алып теректер егіледі. Дегенмен жаздың аптабында сусыз қалып еткен еңбек зая кетеді. Сыртқы қоршаулары аласа болуы салдарынан түйе, тіпті жылқы-сиыр да мойындап тұрады. Уақтылы суғарылуының, қоршаудың биіктетілуінің шарасы алынса дейміз. Қойылған қоқыс контейнерлерінің өртелулері тыйылмай келеді. Көше сәнін кетіріп тұратын ескі ғимараттар, басқа да нысандар жетерлік. Құрылысшылар мөлтекауданы жол жиегіндегі бұрынғы құрылыс мекемесінің белгі тұғыртасын көрнекілік мақсатқа қолданса қатып кетер еді. Кейбір жүгенсіз автокөлік жүргізушілер күре жолды қойып, көше бойымен жүйткіп жүретінді шығарды.

img_9495

Әр жиын сайын орынды мәселе көтеріп отыратын Болат Қалиев ағамыз да алдыңғы сөйлеушінің сөзін толықтыра түсті. – Аудан орталығындағы барлық мектептерге сабаққа бару үшін оқушылар асфальт жолды кесіп өтеді. Таңертеңгі және кешкі қараңғылау кездерде полиция қызметкерлерімен көше қозғалысы реттеліп тұрғаны жақсы болар еді. Обелиск маңына түнде жастар көптеп жиналады, көңіл көтермесін демейміз, тек таңертеңгілікте айналасы шашылып қалып жатады. Жаға бойындағы жарықшамдарға да жаудай тиеді. Тәртіп сақшылары осыларды қадағалағандары, жастарға ескертіп отырғандары жөн. Полиция қызметкерлеріне бар жағдай туғызылуда, ендігі олардан сұралынатыны өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау дегім келеді. Ал, округ әкімінің жыл ішіндегі жұмысына баға берсем ол қанағаттанарлық деген ойдамын.

img_9497

img_9498

Тұрғын Бақтығали Еселбаев Бұзауслан көпірінен орталыққа қарай жүретін жолдың енсіз, әрі жаяу жүргіншілер жолы жоқтығын, жарығының да болмауы себепті өте қауіпті екенін, Ломоносов атындағы мектептің қосымша ғимараты, сыртқы әжетханасы маңының жарықтандырылуы жеткіліксіздігін, басқа да келеңсіздіктерді қаперге берді. Сонымен қатар, баяндамада округ әкімі аппаратының жұмысы, тұрғындарды қабылдау, түскен арыз-шағымдардың қаралуы бағытындағы шаралар ескерілмегендігін айтты. Шайхатолла Жәлелов көп пәтерлі үйлердің айналасының тазалығына, инфрақұрылымына бірқатар сын айтып, терможаңғырту бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізуді сұрады.

А.Нәжімов

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21