Басты мақсат - тиімді қызмет көрсету

(0 Votes)

Мемлекеттік басқаруды жаңаша ұйымдастыру - Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты фактор, сол себепті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі  жаңа редакцияда қабылданған болатын.

Жаңа Әдеп кодексі ең алдымен қызметтік әдеп стандарттарын белгілеуге бағытталған және мемлекеттік қызметшілерге моральдік-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға негіз болып табылады. Жаңа редакцияда «Мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары» туралы тарау қосылған. Тарау 6 қағидатты айқындап отыр, олар - адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану. Қағидаттардың негізі қоғам игілігі үшін қызмет ету, шынайы көзқарас, адамдарды кемсітуге жол бермеу, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсету, ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және тұтынушыларды әуре-сарсанға салуға жол бермеу. Кодекске енгізілген түзетулер мемлекеттік  қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар беруге арналған. Мемлекеттік қызметшінің өз жұмысының маңыздылығына сенімділігін арттыру және кодексте көрсетілген барлық қағидаларды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің жарқын үлгісі болу, халыққа ашық және тиімді қызмет көрсету негіздерін айқындап отыр.

Бірлік ауылдық округі әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT