Бастауыш сыныптар штаттық режімде оқиды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округіндегі Н.Крупская атындағы орта мектептің қос қабатында да балалар мен қыздарға арналған әжетханалар түгелге дерлік біте келіпті.

Бәрінде де қол жуатын орын, ыссы, салқын су бар. Өткен жылы оқушы қыз балаларға қарсы қылмыстық әрекеттер орын алғаннан кейін ішкі әжетханалар салу заман талабына айналды. Округ әкімі Жүсіп Төреғалиев оқушылардың қамын ойлап, мұны қолға алып, облыстан қаражат бөлгізген аудан әкімі Қайрат Талапұлына ризашылығын білдірді.

img_3035

Мектеп директоры Шынар Исатаева: – Жаңа өзіңіз көргеніңіздей биылғы жылы мектебіміздің әжетханаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құны 5 млн 555 мың 555 теңгені құрайды. Бүгінгі күні ішкі әжетханалар толығымен кәріз жүйесіне қосылды. Сулары жүріп тұр. Бұл жұмыстың 98 пайызы орындалды. Осымен қатар жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жасалуда. Бастауыш сынып оқушыларын мектепте штаттық режіммен оқытуды жоспарлаудамыз. Барлық ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізілді, -дейді.

img_3036

Айтуынша биыл 88 мұғалім мен 413 оқушы жаңа оқу жылын бастағалы отыр. Оқулықтар түгел алынып, кесте бойынша үлестірілуде. 1-4 сыныптар ата-аналардың келісімі бойынша сақтық шаралары алынып, мектепке келіп оқиды.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521