«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткен тамаша теңеу арада бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жоймай келеді.
Қаншама заман өзгеріп, жаңа технологиялардың қарыштап дамыған тұсында да газет өзінің бәсекеге төтеп бере алатындығын көрсетіп, негізгі ақпарат таратушы құрал ретіндегі басымдығын ешкімге берер емес. Бұл газет шығарушылар мен таратушылардың жанкешті еңбегінің жемісі деп білеміз.
Әр ауылдардағы «Серперін» серік еткен мың сан оқырмандарымен, баспасөзге жазылу науқаны басталған бойда-ақ елдік іске қолқабысын тигізетін жанашыр демеушілердің мәрттігінің арқасы деуге әбден болады.
Осы орайда мерзімдік басылыммен қамту бағытындағы әріптесіміз – аудандық пошта байланысы торабы мекемесі жазылу науқанының алғашқы күнінде «Баспасөзге жазылу күні» акциясын өткізді.
Шараға үлкен маңыз беріліп, келушілерді қазақы қонақжайлықпен қарсы алып қызметтерін көрсетті. Бұл күні пошта үйіне бас сұққан 21 адам «Серпер» газетіне жазылды. Алдағы уақытта акция ұйымдастырушылардың оқырмандарға қолайлылық туғызып, уақыттарын үнемдеу мақсатында көпшілік жиналатын сауда орындарында өткізу ойларында бар.
Айбек НӘЖІМОВ