Баспасөзге жазылу – мерейлі міндетіміз

(0 Votes)

2021  жылдың І жартыжылдығына  баспасөзге жазылу науқанында Жаңаталап ауылдық округіне  350 дана аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси  газетіне  жазылуға болжам берілген болатын.  Күні бүгін оны 352 данаға, 100,6%-ға орындап отырмыз.

Жазылу барысында округтегі кейбір аз қамтылған, қолдауды қажет ететін топтарға  аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Меңдіғалиұлы,  «Сине Мидас Строй» ЖШС, «Бүркітбаев А» ШҚ және округтегі басқа да шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер демеушілік жасады. Мерзімді басылымдардың қоғамда орны ерекше. Сондықтан баспасөзге жазылу – мерейлі міндетіміз деп білген, жоғарыда аталған басшылар мен ауыл тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз.

О.Тәжібаев, округ әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521