Баспана салып берді

(0 Votes)

Күнделікті өміріміз «тосын сыйға», күтпеген қиындықтарға толы ғой.

Ертең не күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Биылғы жылы көктемде, мамыр айында болған нөсер жауын бұрыннан әрең тұрған, тозығы жеткен баспанамызды ішіне отыруға мүлдем жарамсыз қылды. Төрт балам, жолдасыммен не істерімізді білмедік. Оны жөндеп алуға да жағдайымыз тартпайтын. Басымызға осындай қиындық түскенде ауылдастарым онымен бетпе-бет қалдырмады. Жағдайымды естіген жастар, округ әкімдігіндегі азаматтар, кәсіпкерлер дереу көмек қолдарын созды.

Жеке кәсіпкер Ерлан Тариховтың бастамасымен, Асылхан Қибатуллин, Алтынбек Хамит, Самат Айдарәлиев ұйымдастырған бір топ жастар асарлатып, Жастар жылына орай біздің отбасымызға баспана салып беруді қолға алды. Жақсылыққа жаны құштар жігіттер бастаған істерін аяқсыз тастамай тұрғын үйді Қайырымдылық айы қазанда аяқтап, жаңа баспанаға көштім. Жастар оны көтеріп қана қоймай ішіне жылуын, газын, суын, жарығын бәрін өздері тартып берді. Көп балалы, аз қамтылған менің отбасыма көмегін аямаған барша ауыл азаматтарына жасаған жақсылықтарыңыз алдарыңыздан шықсын, ғұмырлы болыңыздар, еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұрпақтарыңның қызығына бөленіңіздер дегім келеді. Жан-жағын қамқорлап жүретін сіздердің бұл істеріңізді замандастарыңыз үлгі етіп, осындай жастарымыздың қатары көбейсін деген тілегімді айтамын.

Талапқали Мырзағалиев,

Орлы ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521