Баспана мәселесі - басты назарда

(2 Votes)

Бүгін Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте шешімін табуды қажет ететін бірқатар проблемалық түйткілдерге тоқталды.

Солардың ішінде Жайық өзенінің тартылуы, Сарайшық жерін туристік мақсатта дамыту, өнеркәсіп, халықаралық жолдар, мұнай, баспана сынды  мәселелерді қамтып өтті. Әсіресе, 25 мың жерлесіміздің үйлі боларын естіп, бір қуандық. Картадан жойылуға шақ тұрған Сарайшыққа жаңа дем берілмек екен. Оның маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін заманауи туризм инфрақұрылымы қажет екенін айтып өтті.

Апат айтып келмейтіні рас. Солардың ішінде «Атырау-Орал» тас жолындағы орын алған қайғылы жағдайды естіп те жүрміз. Президенттің бұл жолды бей-жай қалдырмай, қолға алғанына көңіл марқаяды.  Оған қоса екі қолға бір күрек таба алмай отырғандардың жұмыспен қамтылатынын қаперге берді. 

Жасыратыны жоқ, еліміз құтқа толған мекен болса да, байлығымызды әлі де дұрыс игере алмай жатырмыз. Ел басшысының түйткілді мәселелерді көзден тыс қалдырмай, қолға алып жатқанына ризамыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сындарлы саясаты арқасында ел экономикасы қарыштай түсеріне сенім мол.

 

Балғаным Хасенова,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT