2023 жылдың 24-26 ақпан аралығында Құлсары қаласында өткен 2006-2008 жылғы жасөспірім қыздар арасында өткен баскетболдан облыстық ашық турнирде Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев мектебінің командасы қатысты.
Сайысқа Ақтау облысы, Исатай ауданы, Махамбет ауданы және Жылой ауданының 3-командасы мен қоса алғанда 7 команда бақ сынасты.Осы командалардың арасынан суырылып ақтық ойнында Құрманғазы ауданының командасы мен Жаңаөзен командасы кездесіп жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Осы команданы дайындап жарыска қатыстырып жаттықтырушысы Б.Бегалиев мектебінің дене шынықтыру пән мұғалімі Габдуллаева Галияның еңбегі зор.