Бас жүлде ресейлік қандасқа бұйырды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Құрманғазы ауданы атбегілерінің ұйымдастыруымен «Атырау атбегілері» қауымдастығының қолдауы және демеушілігімен «Ескі аэропорт» учаскесінде ат бәйгесі өтті.

Күзгі сылбыр жауынға қарамастан аламан десе делебесі қозатын ауылдастың біразы жиналыпты. Қазақы тай жарысына ауданның округтерінен 12 тай, құнан бәйгеге 8 жүйрік қатысып, өзара мықтыларын анықтады.

bbfd8a27-c7e1-4fb8-b78e-478a1792c40f

Ал тазақандысы бар, араласы бар асыл тұқымды тайлардың додасына 10 жүйрік қатысып, бірінші орын атыраулық атбегі Мейірман Құрманәлиевтің «Ақбастау»(шабандозы Аян Қонарбай) атты торы тайына бұйырды. Жиырма бір шақырымдық аламан бәйге өте қызықты болды.

bf453f6b-f77f-4646-9b64-5144c1591932

67cf7020-0a8a-4fbc-b382-390e1b05adf0

«Көктемде жілік, күзде жүйрік шабады» дегендей, омыраулап алға ұмтылмай, бар күшін соңғы айналымға сақтап шапқан көршілес Астрахан облысынан қатысқан Алтынбек Жікібәлиевтің қазақы торы «Орлигі» (шабандозы Төрежан Бисенбай) бәйгеге тігілген мотоциклді қанжығалап кетті. Бұл ресейлік қандасымыздың біздің ауданда өтетін бәйгелерде жеңіп алған алғашқы жүлдесі емес.

 

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT