Екі күнге созылған айтыс аламанының қорытындысымен 6 ақынға құрманғазылық сөз зергерлерін дәріптеу мақсатында 100 мың теңгелік арнайы жүлде тағайындалды.
Рахымжан Отарбаев, Зейнолла Серікқалиев, Рахмет Иманғалиев, Марат Ысқақ, Әбу Сәрсенбаев, Жұмекен Нәжімеденов атындағы жүлделер айтыста жақсы өнерімен танылған Нұрбейбіт Нұғымановқа (Құрманғазы), Амангелді Панабердиевке (Атырау), Азамат Орынбасаровқа (Маңғыстау), Қайырхан Жұбаниязовқа (Ақтөбе), Әнуарбек Садықовқа (Мақат), Зинетолла Қосымбаевқа (Маңғыстау) табысталды.
Екі үшінші жүлде (әрқайсысы 150000 теңгеден) Сырымбек Сәрсембаевқа (Жылыой), Назгүл Каримова (Батыс Қазақстан) бұйырды. Атыраулық қос ақын Өнербек Дәулекенов пен Серікбол Панабердиев 250 мың теңгелік екінші жүлдені қанжығаларына байлады. Айтыстың бірінші орынына тігілген 350 мың теңгені махамбеттік сұрапыл ақын Серік Қойшығұлов жеңіп алды. Ал бас бәйге – 500000 теңгені Батыс Қазақстаннан келген шымшыма тілді Мұрадым Мирланов еншілеп кетті. Сондай-ақ, Саадат Нұрманов облыстық «Ақтаңгер» айтыс ақындары клубының Алғыс хатымен жыр додасына дүлділдерін үкілеп алып келген Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы әкімдігін марапаттады. Ардагер айтыс ақыны Мүтиғолла Ғани Азғырдың тумасы Нұбейбіт Нұғымановқа «Сүйіндік» ЖШС тағайындағы арнайы байрақты табыстады.
Айбек Нәжімов