Бас редакторлар Индерде бас қосып, тың бастамалар көтерді

(0 Votes)

Бүгін Индер ауданында "Атырау Ақпарат" ЖШС жанынан құрылған Бас редакторлар клубының отырысы өтті.

Алдымен келген делегация ақын Мұрат Мөңкеұлы мен бард ақын Табылды Досымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті. Одан әрі мәдениет үйінде клубтың кезекті жиналысы өтті. Аудан әкімі Мейірім Қалауи қонақтарға қош келдіңін айтып, Индер ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігіне, жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, клубтың жұмысына сәттілік тіледі.

dender1

Күн тәртібіне сәйкес "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі Исатай Балмағамбетов Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын насихаттаудың тетіктерін атап көрсетіп, арнайы жасақталған медиа-жоспар бойынша аталған жұмыстар жүргізілетінін тілге тиек етті. Аудандық газеттер жетекшісі Лена Нұрбаева жаңа форматтағы газеттер мазмұнына шолу жасап, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін алға тартты.

"Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин, "Жайық-шұғыласы" газетінің бас редакторы Баян Сүйеуова балама жазылудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Клуб төрағасы Таңатар Дарелов өңірдегі баспасөздің қоғамдағы рөлі, шығармашылық ахуалы, БАҚ арасындағы салиқалы бәсекелестік туралы сөз қозғады. Клубтың бас редакторлығына Жанай Амантурлиннің кандидатурасын ұсынып, ол әріптестері арасында қолдау тапты. Жиналысты "Атырау-Ақпарат" ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев қорытындылап, көтерілген мәселелерге орай өзінің орамды ой-пікірін ортаға салып, алдағы тың бастамаларымен бөлісті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521