«Ит – жеті қазынаның бірі», деп айтқанмен де оның да басқа жануарлар тәрізді ұстау ережесі бар.
Мысалы, бос жібермей байлап қою, серуенге шығара қалса аузына тұмылдырық кигізу, мезгілімен құтыруға және басқа ауруларға қарсы ектіріп тұру дегендей. Соны сақтамаса бұл жануар да адам өміріне қауіп төндіреді. Қазір иттердің қабуы, балаларға шабуыл жасауы жиілеп кетті. Оны ақпарат көздерінен естіп, көріп отырсыздар. Қандай жуас десе де, «Ит иттігін істейді» демей ме?
Бізге пошта, газ, электр энергиясын тарату мекемелерінің қызметкерлері тұрғындардың газеттерін, төлем қағаздарын апарғанда оны табыс етудің, есептегіштердің көрсеткіштерін тексерудің қиындығын айтып шағымданады. Көп үйлерде пошта жәшігі ауланың ішіне орнатылған және иттері бос жүреді. Сол үйлердің алдымен оқушылар сабаққа барады. Сондықтан, аудан тұрғындарынан иттеріңізді бос жібермей, байлап ұстауларыңызды, пошта жәшігін есіктің сыртына орнатуды сұраймыз. Сонда жоғарыда аталған мекемелердің қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасамайсыздар, балаларға да қауіп төнбейді.
Нұрболат Қайырмеденов,
Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы