Барлығы Бахтылыдай болса екен

(0 Votes)
Facebook парақшасынан

Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген жақсы сөз бар. Жоқ-жітіге қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, тұрмысы төменге демеу білдіру халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қағидат.

Қолда барының бір бөлігін қайырымдылық бағытқа жұмсап, жақсылық жасап, жарысып жүрген жүрген кәсіпкерлеріміз жетерлік. «Бахтылы-нан» брендімен нан тағамдарын өндіріп, басқа да кәсіпкерлік саладағы жетістіктерімен көпке танылып жүрген жеке кәсіпкер Бахтылы Махмудованы осы бір жомарт жандардың алдыңғы легінен көруге болады. Түрлі қайырымдылық шаралардың бел ортасынан табылатын  кәсіп иесі аз қамтылған отбасыларды мерзімдік басылымдарға жаздыртуға да көп көңіл бөліп отырады. Алдағы 2023 жылға газет-жорналдарға жаздылу науқанында аудандық «Серпер» газетіне Сафон, Ақкөл, Дыңғызыл ауылдық округі бойынша осы санаттағы адамдарды жаздырып демеушілігін көрсетті. Осы орайда айналасындағыларға несібе-ырыздықпен қатар рухани азық сыйлайтын Бахтылыдай барлығын емес, нарлығын танытатындар көбейсе екен дейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521