Барлық әлем бір-ақ бесік ана үшін

(0 Votes)

Отаналардың білім ошағымен байланысын нығайту, оларды педагогикалық-психологиялық біліммен қуаттандыру мақсатында ауданымызда «Жас аналар мектебі» құрылған болатын.

0e425e51-05b4-4582-a01b-47c94d3e3cf7

Осыған орай, Абай атындағы жалпы орта мектебінде «Барлық әлем бір-ақ бесік ана үшін» атты ұйым мүшелерімен тренинг өтті. Үш топқа бөлінген жас аналардың семинарына сарапшы ретінде аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы, Абай жом директоры Жамал Әдебиетқызы,психолог Гүлмира Талапқызы мен арнайы шақырылған Бегалиев және Гагарин орта мектебінің жас аналары қатысты.

b9c92414-79f1-456a-809f-36be1fb8c930

Шара басталған соң, барлық әйелдерге жеміс-жидек түрлерін таңдау арқылы олардың бойындағы адами қасиетін айқындайтын психологиялық тест жүргізілді. «Үнсіз ұғыну» бөлімінде, аналар экрандағы жануарды қимыл арқылы бейнелеп, балаларына түсіндірді. Кейін жағдаяттық сұрақтар қойылып, әр топтағы нәзік жандылар екі жақты тәрбие, отбасындағы қиындықтың сәбиге әсері, кикілжіңді болдармау жолдарын талқылады. Тренинг соңында Жамал Әдебиетқызы әсерлі әңгіме, тұжырымды пікірлер мен бала тәрбиесіндегі ұтымды лайфхактарға толы кешті ұйымдастырушыларға алғысын айтып, «Екі алма» атты психологиялық ойынын ойнатып,ұстаздар мен аналар қуанышты жүзде тарқасты.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT