«Бар мейіріміміз балаларға» қамқорлық шарасы

(0 Votes)

Дүнежүзілік мүмкіншілігі шектеулі жандар мерекесіне орай №5 Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінде әлеуметтік педагог Гүлназ Амангелдіқызының ұйымдастыруымен қамқорлық шарасы өтті.

Шараға арнайы қонақ ретінде балаларымызға қамқорлық пен қолдау білдіру мақсатында Орлы ауылдық округінің «Өнерпаз» мәдениет үйінің қызметкерлері ән шашуларын ортаға салып балаларымызға көтеріңкі көніл-күй сыйлады.

«Қуантсаң, баланы қуант дегендей»  балаларымыздың жүрегінен орын таба білген «Өнерпаз» мәдениет үйінің әншілері  Әсел Сарсенбайқызы, Айнамгүл Зайдоллақызы, Асылзада Артурқызы, Жанару Аманжолқызы, Жаннат Артурқызы, Айкөркем Қадыржанқызы, Гүлдана Хасанова, Әсел Азаматқызы, Ербол Ғимранұлы, және мекемеміздің тәрбиеленушісі Мағзом Аягөздің орындауындағы әндері, ортада аниматорлар  балаларымыз бен ата – аналарымызға қуаныш пен шаттық сыйлап жүздерін күлкіге толтырды. Дина  Нүрпейсова атындағы балалар  және өнер мектебінің «Наз» бишілер тобының қыздарының орыдауындағы «Қазағым- ай» биі көрермендерді тәнті етті.

Шараны қабинет меңгерушісі Клара Өмірзаққызы қорытындылап, шараның жақсы өтуіне атсалысып, қолдау білдіріп жатырған Нұрлан Муфтоллаұлы бастаған Орлы ауылдық округінің «Өнерпаз» мәдениет үйінің ұжымына ерекше алғысын айтып, ризашылығын білдірді.  Балаларымызға тәттілермен демеушілік жасап жатырған ауданымыздың жеке кәсіпкерлері Нугманова Жемісгүл, Қапизова Гүлбадан, Махаева Роза ханымдарға, Қанат Мұсабек мырзаға мекеме ұжымы атынан зор ризашылығын айтып, бүгінгі шараның жақсы өтуіне атсалысқан барша қайырымды жандарға Алғыс хаттар табыс етілді. Жақсылық жасау имандылықтың белгісі дегендей, көп болып, асыл арманына қол созған балаларға сүйеніш болып қолымыздан келген көмемегімізді аямайық!

Гүлназ Картжанова,

№5 Психологиялық- педагогикалық

 түзеу кабинетінің әлеуметтік педагогы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT