Сатып алған көлігіңізді өз атыңызға рәсімдегіңіз келсе, оны авто ХҚО-ға барып іске асыруға болады. Бірақ өз уақытыңызды үнемдеу үшін таптырмас әдіс бар.
Азаматтар үйден шықпай-ақ , онлайн режимінде өтініш беру мүмкіндігіне ие болды. Сіз оны Kaspi.kz немесе Halyk bank. қосымшасы арқылы қайта рәсімдей аласыз. Ол үшін сатушы мен сатып алушы тарапта бұл қосымша болуы керек және бірнеше батырманы ғана басса жеткілікті.
Сатушы: Kaspi.kz немесе Halyk bank қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдау қажет. Онлайн қызметі сатушының барлық айыппұлдары мен салықтарын толық тексереді. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, сатып алушының деректері мен көлік құнын көрсету қажет. Егер сатушы өзінің мемлекеттік тіркеу нөмірін өз атына қалдырғысы келсе, тиісті жерге белгі қою керек. Одан кейін өтінімге Kaspi.kz немесе Halyk bankэлектрондық қолтаңбасы қойылады. Сатушыға «Көлік тіркеуден шығарылды» деген SMS – хабарлама келіп түседі.
Сатып алушы: Автокөлікті тіркеуге қою қызметін таңдап, сатып алу сомасын енгізе отырып, көлік туралы мәліметтерін растауы тиіс. Мемлекеттік номер мен техпаспортты алып кететін мамандандырылған ХҚО-ның мекен-жайын көрсетеді.Дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін мамандандырылған ХҚК бөліміне барып құжатын алып кетеді. Рәсімдеу процесі өтінімге қол қою мен қажетті баж алымдарын техникалық паспорт -3828,75. көліктің жаңа нөмірі -8576,40. тіркеу үшін -765,75 теңге төлеумен аяқталады. Көліктің тіркелгендігі туралы хабар Kaspi.kz немесе Halyk bankмобильдік қосымшасына бір сағат ішінде келеді.