Банкроттық ақпараты

(0 Votes)
https://www.inform.kz

2022 жылғы 29 желтоқсандағы ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлдады. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді.

Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Заң, 3 түрлі:

1) соттан тыс банкроттығы,

2) сот банкроттығы,

3) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Соттан тыс банкроттық Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады. Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі.

Қарыздар:

1.Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді

2.Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік жоқ (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары)

3.Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді) Ерекше шарттары: 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін – борышты өтемеу кезеңі бойынша талап (1-шарт) ескерілмейді. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе – жоғарыда аталған барлық шарттар ескерілмейді. Сот банкроттығы Сотпен қарастырылады Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Шарт: Барлық кредиторлар алдындағы қарыздар бойынша Нені білу керек:

1.Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

2.Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы

3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік кассаға енгізілмейді

4.Қаржы басқарушысы тағайындалады

5.Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)

Банкроттықты жүргізу мерзімі – 6 ай, ұзарту мүмкіндігі – 6 ай Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру Сотпен қарастырылады Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі Шарт: Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды Сауықтыру шаралары:

1.Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру

2.Құны төмен тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үйді сату, айырбастау және т.б. Банкроттықтың салдары

1.Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады

2.Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады

3.Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.

Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521