Балықшылар ұйымшылдықпен қатысты

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Жолдауында бүгінгі күнге белгіленген референдум халық арасында кеңінен қолдау табуда.

 Себебі, АЭС құрылысы көпшіліктің талқысына салынып отыр. Сондықтан, оған бейжай қарауға, немқұрайлылық танытуға болмайды. Әркім өз таңдауын жасауға құқылы. Референдум әділ, ашық өтуде.

Азаматтарымыз өзінің берген дауысы маңызды екенін жақсы түсініп, ел ертеңі үшін бұл науқаннан тыс қалмауда. Бірлік ауылында орналасқан №193 референдум учаскесінде 1036 сайлаушы бар. Оның ең үлкені 92 жаста. 4 жас сайлаушы бар. 10 адам үйден дауыс береді.

Тұрғындардың референдумға қатысы бірқалыпты. Алғашқылардың қатарында «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінің ұжымы дауыс берді. Ауыл халқын жұмыспен қамтып отырған іргелі кәсіпорын маңызды науқанда ұйымшылдық пен бірлік танытты. Балықшылар өз таңдауларын жасап, азаматтық міндеттерін орындады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT