Соңғы уақытта ауа райының күрт өзгеріп, температураның төмен түсіп кетуі біраз жанды әбігерге салып жатқаны анық.
Осындай уақытта, балық шаруашылықтары, атап айтқанда, «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі су маржандарының өміріне алаңдаушылық танытып, олардың су астында еркін тыныс алуына және де қатты аяздың салдарынан қатып қалмауы үшін құтқару жұмыстарын жүргізді.
Осыған жауапты маман Амантай Қайырғалиевтің сөзінше, аталмыш жұмыстар Құрманғазы ауылындағы Самаркино, Безымянный мен Теңіз ауылына кіретін Татар Телячье каналдарында жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ