Балық цехында қайнаған қызу еңбек

(0 Votes)

Бірлік ауылдық округінің әкімі Г.Абенова аудан әкімінің назарына округ қарамағына Бірлік және Амангелді сияқты екі елді мекен кіретінін, ондағы 449 үйде 438 жанұя, 2184 тұрғын бар екенін, олардың 213-і зейнеткер, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар саны – 451, ал жұмыссыздар саны - 56 адам деген жалпы мағлұматтарды берді.

Аудан басшысы М.Мурзиев осының алдында ғана болған Теңіз ауылында халық санынан өсім болғанын, ал мұнда соңғы жылда 100 адамға дейін кему салдарын сұрағанымен ауыл әкімінен жарытымды жауап ала алмады.

birlik2

С.Имашев атындағы жалпы орта мектептің Р.Сапаров білім беру ғимаратының 1979 жылы салынғанын, соңғы күрделі жөндеуде 2020 жылы ішке әжетхана орнату сияқты жұмыстар жүргізілгенін, бірақ та толықтай жөндеуді қажет ететінін, ол туралы облыстық білім басқармасына хат жолданғанын  мәлімдеді.  Бұл мектептің жай-күйімен танысқан аудан әкімі бастапқы дайындық пәнінің кабинетіндегі көренекілікте өрескел қателік бары, дәрігерлік бөлмедегі алғашқы көмек көрсететін дәрі-дәрмектің сақталу мерзімі өтіп кеткендігі, жылыту қазандығынан газ шығып тұрғандығы сияқты кемшіліктерді атады. Сондай-ақ, бейнебақылаумен, өртке қарсы дабылдық қондырғымен қамтылу жағдайын, интернеттің жылдамдығын тексерді.

birlik5

«Жұлдыз-ай» балабақшасына кезекте тұрған 40 балаға қосымша орын салуды қарастыру,  материалдық-техникалық базаны жақсарту, Утера дәрігерлік амбулаториясына жаңа ғимарат салу, жоғары білімді дәрігерлік кадрмен және оны тұрғын үймен қамту мәселесі көтерілді. Әкімдіктің №2 аталатын ғимаратқа орналасқан ауылдық клуб, кітапхана, ардагерлер бөлмесі, учаскелік полиция, ветеринариялық пункт, пошта торабы сынды мекемелердің қызметкерлері де өз проблемаларымен бөлісті.

birlik1

Инвестордың есебінен тұрғызылып, жақында ғана пайдалануға берілген «Каспий-Балық» ӨК-іне тиесілі балық өңдеу цехының өндірістік қуаттылығымен кооператив төрағасы Ж.Шакупов таныстырды. Цехта қазіргі уақытта 50 адам жұмыс жасайды, маусымдық кезеңде олардың санын  екі есеге көбейту көзделуде. Балықтың мұздатылған, тоңазытылған, тұздалған, кептірілген, арнаулы бөлшектелген түрлері дайындалады. Сонымен бірге, шаруашылық басшысы өңдеу цехына дейін газ тарту, асфальт жол төсеу, тоған шаруашылығын ұйымдастыру ойларымен бөлісті.

Округке қарасты Амангелді ауылында болғанында аудан әкімі М.Мурзиев А.Иманов атындағы негізгі мектептің өткен ғасырдың 60-шы жылдарында салынса да жаңа мектептен еш кемдігі жоқтығын айтып, қолда барды күтіп ұстайтын ұқыптылығы үшін мектеп директоры Г.Мұрасқалиеваға ризашылығын білдірді. Богатый фельдшерлік медпунктіне қосымша бөлме салу мәселесін көп қаржыны қажет етпейтін модульдік құрылыспен шешуге болатынын айтты.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521