Балықшыларда балық бар

(0 Votes)

Көктемнің алғашқы кезі болғандықтан ба су беті суық, өткір жел бар.

Қанша қалың киінсең де бірнеше сағат қайықпен жүргенде өзін сездірмей қоймайды. Өзен үсті салқын болғанымен, балықшылардың жүзі жылы. Себебі ауда балық бар. Тартым басына бармағанымызбен мұны шаруашылықтардың балық қабылдау пункттеріне ат басын тірегенде көрдік. Осында қайықпен олжаларын жеткізген айдан ерлерінің де көңілдері көтеріңкі. Олар биыл маусымға ерте шығып отыр. Балық аулауға жылда наурыздың аяғында кіріссе, биыл ақпанның соңына таман бастап кеткен. Биыл мұз қатпаса да су маржаны торларын толтыруда. Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, аудан әкімі Қайрат Нұртаев «Амангелді», «Тілекші» ӨК-нің балық қабылдау пунктінде болғанда, балықшылар жолда шекарашылар жиі тоқтатынын, кешкі 8-ден кейін су бойымен жүргізбейтінін айтты. Балық тиген кемелер тоқтамай жүргеннің өзінде Новинскіден Шортанбай зауытына 10 сағатта жетеді екен. Жолда кідіру жазда балық сапасына әсер етеді. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы қайық-кемелерді түнгі белгілермен жабдықтаса жүруге рұқсат берілетінін жеткізді. Сенатор Сәрсенбай Құрманұлы жақында ғана Атырауда Үкімет басшысы Асқар Мамин балықшылармен кездесу өткізіп, барлық мәселелерді мұқият тыңдағанынан, шешуге уәде бергенінен хабардар етті.

img_0637

img_0645

«Каспий-Балық» ӨК-нің «Новинск» балық қабылдау пунктінде бізді оның меңгерушісі Сансызбай Сағаденов, балық аулау бөлімінің басшысы Жәнібек Жаңылтпашов, цех меңгерушісі Ғалымжан Шакупов қарсылады. Мұнда да баржы трюмдері сазан, шортан, ұсақ балықпен толтырылыпты. Біз келгеннен кейін су маржанын сықита тиеген екі қайық жетті. Бұлар озат балық звеноларының басшылары Зұлпыхар Исмахов пен Жасұлан Қодаров екен. Келген бойда балықтар үлкен ыдысқа салынып, шегіліп, трюмдерге құйылды. Жігіттер биыл тартымға ерте шыққандары үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Еңсегеновке, аудан әкімі Қ.Нұртаевқа ризашылығын білдірді. Наурыздың соңында балық қозғалады, сонда ырыс-берекелері бұдан да артып, жағдайлары жақсара түсетініне сенімді.

img_0648

img_0657

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521