«Балықшылар күніне» орай бәйге өтеді

(0 Votes)

2019 жылдың 13 шілде күні сағат 8 - де Сафон елді мекенінде «Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Ұлттық ат спорты ойындарынан «Бәйге»,«Құнан бәйге», «Тай бәйге» ұйымдастырылады.

Бәйгеге қатысатын аттар «Бәйге» - 18 шақырымға, «Құнан бәйге» - 9 шақырымға, «Тай бәйге» - 6 шақырымға жіберіледі. Жеңімпаздарға жүлделі орындар тағайындалады.

Жарыс шарттары:

- Ат спорты ойындары Ұлттық ат спорты Федерациясы бекіткен Ережеге сәйкес өткізіледі.

- Жарысқа Құрманғазы ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінен тіркеуден өткен шабандоздар мен аттар ғана қатысады.

- Бәйгеге аудан көлеміндегі селолық округтердегі шаруашылық кітабында соңғы (3 жыл көлемін қоса алғанда) тіркелген және мал дәрігерлік шаралармен (вакцинация) қамтылып, тексерістен өткен аттар ғана жіберіледі. Бұл туралы округ әкімінің және мал дәрігерінің анықтамалары талап етіледі.

- Аудан территориясынан тыс жерлерден жылқылар әкелінсе, олар да ат спорты ойындарынақатыстырылады.

- Шабандоздар спорттық киімде болулары шарт (ақ орамал, ақ жиде).

Қатысуға ниет білдірушілер Құрманғазы ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне шабандоз куәлігінің көшірмесін (кәмілет жасқа толмаса рұқсат еткен ата-анасының қолхатын), жергілікті дәрігерден шабандоздың денсаулығына берген анықтаманы тапсырулары керек. Шабандоздар мен жарысқа қатынасатын аттарды тіркеу 2019 жылдың 11 шілдесінде аяқталады.

Жарыс болатын күні сағат 06-дан бастап ат жарысы болатын жерде жарысқа қатысатын шабандоздың денсаулығы қосымша тексеріліп бәйге аттары мал дәрігерінің байқауынан өтеді.

Қосымша анықтама алғысы келетіндер мына телефондарға хабарласа алады 8(71233) 2-01-53, 2-13-41, 2-14-36. Ұйымдастыру комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521