Балық өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылса…

(0 Votes)

– Қазір тамақ қымбат. Өзімізден шығып жатқан балық өнімдерін жәрмеңке ұйымдастырып халыққа қолайлы бағамен сатса деймін.

Бұрын ауылдарда жағада картоп егетін еді. Қазір бос жүрген жастар көп. Неге соларды егін егуге тартпасқа? Жан-жағымыз су, өзімізді көкөніспен қамти аламыз. Аудан басшылары жазғытұрым осы жұмысты ұйымдастырғанын қалаймыз.

Бақыт Қалиев, Котяев ауылы.

– Балық өнімдері жәрмеңкесін ұйымдастыруды қолға аламыз. Орынбасарым  мен тиісті бөлімдерге тапсырамын. «Екі қолға бір күрек», дегендей, жұмыс жасағысы келген жасқа мүмкіндік мол. Қазір осыдан 30-40 жыл бұрынғыдай емес, өз кәсібін ашамын дегендерге барлық жағдай жасалып отыр. Тамшылатып суаруға субсидия беріледі. Алайда, жастар бейнеті көп деп егінге жоламайды. Биыл егін салу көрсеткішін орындай алмадық. 968 гектар жерге егін егуге жоспар берілген, ол 795 гектарға ғана орындалды.

М.Мурзиев,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT