Балық аулаудың да өзіндік тәртібі бар

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу» туралы ережесінің 8 бөлігінің 23 тармағына сәйкес, кәсіпшілік емес аулау құралдарын пайдалана отырып, Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта  балық аулауға тыйым салынады. Аталған талаптарды сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383 бабының 1 бөлігіне сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын қаперіңізге береміз.

Б.Испергенов,
Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік
балық шаруашылығы инспекциясының Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің бас маманы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT