Балқұдықтық түлектер ауылға тарту жасады

(0 Votes)

2003 жылдың (1986 жылғы туылғандар) түлектері! Ауылға көрік беріп тұратын кіреберіс орнатып, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын ауыл жастары патриотизм үлгісін көрсете білді.

Сыртқы қас беті ұлттық нақышта безендірілген, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауылды айшықтайтын бұл қақпа ауылдың сәнін келтіре түсті. Осындай игі істердің жалғасы болған қақпаның ашылу салтанатына округ әкімі Ж.Жаманкулов және депутат М.Қуаншалиев қатысып: «Бүгінгі ашылған жаңа қақпа жақсылықтың бастауы болсын» деген тілекпен ашылу салтанатының лентасын қиды.

Іс-шара соңында қақпа маңында автокөліктер шеруі ұйымдастырылып, салтанатты рәсімнің сәнін келтірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521