«Балдәурен» - бақыт аралы

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында: «Өткен тарихқа тағзым да, бүгінгі бағытқа мақтаныш та, келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған мұраны қадірлеу, оны сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау. Қазіргі күні барша қазақстандықтың міндеті осы болуы тиіс» деген болатын.

Кең байтақ еліміздің солтүстігінде Көкше жерінде, Жұмбақтас, Оқжетпес тау бөктерінің баурайында, Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен ең озат, өнерлі, дарынды балалар барып демалады.

Мен мұнда ең алғаш 2012 жылы қазан айында «математика олимпиадасының» жүлдегері болып барған едім. Бұл лагерь Қазақстанның сан-қилы жеріндегі балаларды жинап бір ортаға тоғыстырушысы іспетті, тіпті біз барған жылы шет елден оқушылар да келген еді. Ондағы тәрбиешілер, ұстаздар, қызықты сәттер әлі көз алдымда. Қазіргі таңда сол кезде танысқан достарыммен хат алысып отырамын.

Мінекей, арада 6 жыл өтті мені тағы да «Балдәуренге» Қазақстан Республикасының Патриоттар Академиясының мүшесі болуға Құрманғазы ауданының «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымының төрайымы ретінде шақырды.

Екінші рет «Балдәуренге» бару бұл мен үшін бақытты әрі қуанышты хабар болды. Құрманғазы ауданы бойынша жетекшіміз Роза Мұханбетқалиева апайымыз мені және екі оқушыны апарды. Осы орайда М.Әуезов жалпы орта мектебіне және ұстаздарыма алғысымды айтамын. «Балдәуреннің» ұжымы, тәрбиешілері өзгеріпті, бірақ та бұрыңғыдай керемет, көңілді күйі қаз-қалпында сақталған. Лагерьде өткен бір күн он күнге татиды, неге десеңіз онда істелген әр жұмыстар, шараларға дайындықтар тез әрі қызықты жасалады, Қоштасар сәт жеткенде бәрі бір-біріне бауырдай болып кеткілері келмейді.

Осы жылы 21-23 ақпан күндері аралығында «Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» тақырыбында II Республикалық жас патриоттар Форумына Қазақстан Республикасынан 500-ге тартар оқушы жиналды.

Республикалық патриоттар Форумы аясында пленаралық отырыстар, «Мағыналар алаңы» ұрпақтар жалғастығының ашық сұхбаты, патриоттық тәрбие бойынша «Инновациялық ойлар банкін» құру, «Бақытты болып жүргенім – сенің арқаң, Ұлы Отан!» атты топтық жұмыс түрлері, «Қазақстан халқының ұлттық ойындары» спорттық тренажер, «Біздің күшіміз – бірлікте!» музыкалық би бағдарламасы сияқты және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Қазақстан Жас Патриоттар» ұйымы 2016 жылы ақпан айында орталық директоры Мұхитдин Төлепбай, білім беру кешенінің директоры Г.Шәріпова, жас қазақстандық патриоттар Академиясының жетекшісі Д.Битуова идеясымен құрылған.

Негізгі мақсатын айта өтсем: «Әлемдік тұрақсыздық кезеңінде уақыт сұранысына жауап беретін қазақстандық жас патриоттарды мектеп партасы кезінен тәрбиелеу.» Күннен-күнге дамыған заманда Қазақстанымыз біздей отаншыл, дарынды, еңбекқор ұрпағы барда «Мәңгілік Ел» болып жасап, гүлдене береді.

Нұржаһан ҒАЛЫМОВА, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521