Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. "Балбөбек" бөбекжай балабақшасындағы бүлдіршіндер тек жақсы қырымен, жетістіктерімен үнемі қуантып келеді.
Жақында әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен онлайн режимде мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының облыстық "Айгөлек" фестивалі өтті. Фестиваль вокал, саз аспабында ойнау, хореография, театрлық-сахналық, мәнерлеп оқу секілді 5 номинация негізінде жүзеге асырылды. Қазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен "Балбөбек" бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі Абай Замир вокал жанры бойынша I орын иеленді. Ал, хореография жанрында балабақша бүлдіршіндері II орынды қанжығаға байласа, саз аспабында ойнауда тағы да озық екендерін дәлелдеп, I орын тұғырынан көрінді. Балғындарды жетістікке жетуіне балабақша меңгерушісі Жанар Абдуллина мен музыкалық жетекшісі Светлана Бердешеваның талапшылдық, жоғары деңгейдегі кәсібилігі зор септігін тигізді.
Еркеназ Қалижан