Баланың тууын тіркеу туралы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

(0 Votes)

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата – аналары немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі - туу туралы өтініш) кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не электрондық түрде береді.

Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі.

Заңға сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті қызмет арқылы баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде баланың тууын тіркеу үшін негіз болып табылатын туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі жөнінде, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы (тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) болған кезде) мәліметтер көрсетіледі.

Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

Өтінішті және қоса берілген құжаттарды толық толтыру фактісі анықталған жағдайда (қажет болған жағдайда) құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлға өтінішті және қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданған өтінішті тіркейді, деректерді АХАЖ АЖ-не енгізеді.

Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін тіркеу кезінде ол туралы мәліметтер анасының өтініші бойынша және туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады.

Өтінішті көрсетілетін қызметті берушіде баланың анасы қағаз түрінде береді. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туу туралы медициналық куәлікте және өтініште көрсетілген мәліметтерді салыстырады.

Егер ақпарат сәйкес келсе, өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде туу туралы куәлік беріледі.

Егер ананың өтінішінде көрсетілген мәліметтер медициналық туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

Екі және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде олардың әрқайсысына электрондық түрде туу туралы медициналық куәліктер беріледі, олардың негізінде бір-бірінен кейінгі туу туралы жеке акт жазбалар жасалады және балаларға жеке туу туралы куәліктер беріледі.

 А.М.Сейтжанова,

Аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу

бөлімінің басшысының м.а.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521