БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

(0 Votes)

Балалар жылына орай, мектебімізде 9-11 сынып оқушыларымен "Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында еркін форматта  пікір алмасу кеші өтті.

Кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Б.А.Қазиханов, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспекторы,полиция подполковнигі Ж.М.Бектеміров, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандар қамту бөлімінің меңгерушісі Л.И.Рахметова, аудандық орталық емхана психологы Кадырбаева Айдана Алпысбайқызы, Құрманғазы ауылдық округінің бас маманы А.Т.Ғайнеденова  қатысып, кәмелетке толмаған жастардың шектеуліктерін түсіндіріп, жасөспірімнің өміріндегі күнделікті орын алатын басты мәселелерді қозғап,әр баланың құқығы қорғалып, бей жай қалмау керектігін түсіндіре өтті.

Мақсаты: бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, «қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ұранын ұстанып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. 

Шара соңында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және моралдік қабілетін нығайту  мақсатында жастарға теннис ойыны ұйымдастырылды. Белсенді ойыншылар алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.

Б.Т.Анесов,  М.В.Ломоносов атындағы жалпы

орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT